Анкалаев: «Перейрамен айқаста жеңіс менікі болады»

UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Магомед Анкалаев 5 қазанда Лас-Вегаста өтетін UFC 320 турнирі алдындағы кардтағы жекпе-жектерге өз болжамын жасады, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат сайтына сілтеме жасап.
— Магомед, сенің кардағы жұптарға көзқарасыңды білгіміз келеді. Абусупьян Магомедов пен Джо Пайфердің айқасы қалай аяқталады деп ойлайсың? — Жақсы жекпе-жек болады. Мен Абусты қолдаймын, бірақ бұл – 50 де 50.
— Джош Эммет пен Юссеф Залалдың тартысы ше?
— Эммет жеңеді деп ойлаймын.
— Иржи Прохазка немесе Халил Раунтри?
— Мұнда да нақты айту қиын, 50 де 50.
— Мераб Двалишвили мен Кори Сэндхагеннің айқасы ше?
— Менің ойымша, Мераб жеңеді.
— Соңғы және ең маңызды сұрақ: Магомед Анкалаев пен Алекс Перейра?
— Әрине, бұл жерде жеңіс менікі, — деді Анкалаев сұхбатында.
19 жастағы қазақстандық Азимли Магомед OCTAGON турнирінде камбэк жасады
UFC-дегі өзбек спортшысы допинг үшін жазаланды
Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізеді