Қостанайдың «Тобыылы» Қазақстан кубогы – 2025 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Тобыл» финалда «Ордабасыны» жеңіп, Конференциялар лигасына жолдама алды

Қызылордадағы жаңа «Қайсар Аренада» өткен финалда қостанайлықтар шымкенттік «Ордабасыны» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл — жаңа 11 мың орындық стадионда өткен алғашқы ресми матч.
19-минутта Асхат Тағыбергеннің стандарттан берген пасын Беларусь шабуылшысы Николай Сигневич дәл соққымен қақпаға бағыттап, есеп ашты. 33-минутта Ислам Чесноков добиваниеден нәтижелі ойнап, қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша, «Тобыл» тарихында үшінші рет Қазақстан кубогын иеленді. Бұған дейін клуб 2007 және 2023 жылдары жеңіске жеткен еді. Бұл көрсеткіш бойынша қостанайлықтар енді «Жеңіс» пен «Астанамен» теңесті (әрқайсысында үш трофейден). Ал жалпы көшбасшы – 10 мәрте кубок иеленген «Қайрат».
Бұл жеңіс «Тобылға» келер маусымда Конференциялар лигасында ойнау құқығын сыйлады.