«Барыс» шабуылшысы жарақат алғандар тізімінен шығарылды

«Барыс» шабуылшысы Роман Старченко жарақаттылар тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол командамен сырт айдындағы серияға аттанды, онда астаналықтар «Сибирь», «Ак Барс» және «Трактормен» кездеседі.
Еске салайық, хоккейші тамыз айында Ромазан мемориалының алдында жарақаттылар қатарына енгізілген болатын.
Өткен маусымда Роман Старченко «Барыс» сапында ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 27 ойын өткізіп, 12 (4+8) ұпай жинады. Тәжірибелі қазақстандық хоккейші астаналық клубта 18-ші маусымын өткізуде. Ол бір команданың сапында өткізілген матчтар саны бойынша ҚХЛ рекордшысы (810 ойын) әрі лигада 800 ойын межесін еңсерген оныншы ойыншы болып табылады.
Қазақстандық хоккейші Финляндия чемпионатында шайба соқты
Қазақстандық шабуылшы Канадада өз командасының жеңісіне көмектесті