Қазақстандық боксшы WBA Asia чемпионы атағын сәтті қорғады

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 КО) WBA Asia чемпионы атағын сәтті қорғады. Ол Бангкокта (Тайланд) жеңіліп көрмеген намибиялық Абед Шиконгомен (11-1-1, 6 КО) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек он раундқа созылып, Мадиев төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс қазақстандық боксшының кәсіби мансабындағы он сегізінші жетістігі болды, ал қарсыласы рингтегі алғашқы рет жеңіліп қалды.
Еске салайық, биыл ақпанда Мәдиев Бангкокта жұдырықтасып, филиппиндік Али Канегуді (12-3-1, 8 КО) жеңген еді.
Қазақстандық боксшы чемпиондық атағын қорғайды
Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді
Рик Глэйзер: «Головкинді даңқ залына міндетті түрде қосады»
Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді