Денис Тен мемориалында мұздағы би мен жасөспірімдер арасында үздіктер анықталды

Денис Тен мемориалында мұздағы би мен жасөспірімдер арасында үздіктер анықталды

4 қазанда Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалының соңғы күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұздағы би бағдарламасында Грузиядан келген Диана Дэвис пен Глеб Смолкин жеңіске жетті. Олардың жалпы көрсеткіші - 193.14 ұпай. Екінші орынға АҚШ спортшылары Уна Браун мен Гейдж Браун (178.86) жайғасса, үздік үштікті Швеция жұбы Милла Рейтан мен Николай Майоров (177.25) түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова 131.59 ұпаймен тоғызыншы орынға табан тіреді.

Жасөспірімдер арасында тек қазақстандық спортшылар бақ сынады. Олардың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен Артур Смағұлов болды. Ол 159.59 ұпай жинады. Күміс жүлдені Никита Козлов (134.97) иеленсе, қола медаль Кенан Бердібаевқа бұйырды - 126.42 ұпай.

Оңтүстік Кореялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Астанада семсерлесуден республикалық турнир басталды

Садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді

Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или