ATP 250 Almaty Open: қазақстандық теннисші жарақатына байланысты турниріне қатыса алмайды

Александр Бублик Ханчжоу қаласында АТР 250 жарысының финалында алған жарақатына байланысты Almaty Open турнирінде ойнай алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жарақат оған Бейжің мен Шанхайдағы жарыстарда толыққанды ойнауға мүмкіндік бермей, ол алғашқы айналымдарда жеңіліс табуына себеп болды.
Медициналық штаб Александрға жаттығулар мен жарыстарды азайтып, жарақаттың нақты сипатын анықтау және қажетті оңалту шараларын белгілеу үшін шұғыл тексеруден өтуді ұсынды.
«Александр үшін Алматыдағы жарыс ерекше маңызды болғандықтан, ол бұл турнирде өнер көрсетуді қатты қалаған еді. Дегенмен, жарақатты асқындырып алмау үшін осындай шешім қабылданды», - деді Қазақстан теннис федерациясы.
Ол барлық жанкүйеріне қолдауы үшін алғыс айтып, жақын арада қайта жүздесуге үмітті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған тізімде 16-орынңа көтерілген болатын. Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.
Григорий Ломакин Түркиядағы турнирде жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыға алмады