Қазақстандық файтердің қатысуымен өтетін UFC 320 турнирінің тікелей трансляциясы
5 қазанға қараған түні Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) әйгілі «T-Mobile Arena» спорт кешенінде UFC 320 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жоспар бойынша, ерте прелимдердің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен сағат 03:00-де басталады. Прелимдер 05:00-ге, ал басты жекпе-жектер 07:00-ге жоспарланған.
Тікелей трансляцияны мына сілтемелер арқылы көруге болады: СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2.
Турнирде қазақстандық Николай Веретенников өнер көрсетеді. Ол жартылай орта салмақта америкалық Пунахэле Сорианоммен кездеседі.
Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін грузиялық Мераб Двалишвили мен америкалық Кори Сэндхаген күш сынасады.
UFC 320 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Магомед Анкалаев пен бразилиялық Алекс Перейра арасында реванш өтеді. Бұл жолы да қарсыластар жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.
Басты кард
Магомед Анкалаев (21-1-1-1) – Алекс Перейра (12-3)
Мераб Двалишвили (20-4) – Кори Сэндхаген (18-5)
Иржи Прохазка (31-5-1-) – Халил Раунтри (15-6-0-1)
Джош Эмметт (19-5) – Юссеф Залал (17-5-1)
Абусупьян Магомедов (28-6-1) – Джо Пайфер (14-3)
Бастапқы кард
Атеба Готье (8-1) – Оззи Диас (10-3)
Эдмен Шахбазян (15-5) – Андре Мунис (24-7)
Крис Гутиеррез (22-5-2) – Фарид Башарат (13-0)
Даниэл Сантос (12-2) – Джу Сан Ю (9-0)
Ерте бастапқы кард
Яна Сантос (16-8-0-1) – Мейси Чиассон (10-4)
Патчи Микс (20-2) – Якуб Виклаж (16-3-2)
Николай Веретенников (13-6) – Пунахэле Сориано (11-4)
Рамиз Брахимай (12-5) – Остин Вандерфорд (13-2)
Вероника Харди (9-5-1) – Броган Уокер (7-4)
UFC 320 турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді
Усман Нурмагомедов ММА-дағы 20-жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық спортшы ММА-ден екі дүркін әлем чемпионы атанды