Денис Тен мемориалы: Оңтүстік Кореялық мәнерлеп сырғанаушы жеңіске жетті

Денис Тен мемориалы: Оңтүстік Кореялық мәнерлеп сырғанаушы жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин алтын медаль жеңіп алды. Спортшы жалпы есепте 196.84 ұпай жинады. Айта кетейік, ол 2023 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Оңтүстік Корея спортшысы Юн Асун күміс медаль иеленді (174.37 ұпай). Қола жүлде Канададан келген Маделин Щижасқа бұйырды (164.39 ұпай).

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері: Амира Ирматова - 6-орын (137.15 ұпай), Нұрия Сүлеймен - 7-орын (124.40 ұпай), София Фарафонова - 9-орын (104.50 ұпай), Вероника Коваленко - 10-орын (86.12 ұпай), Русалина Шакрова - 11-орын (74.71 ұпай). 

Астанада семсерлесуден республикалық турнир басталды

Садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді

Шымкентте садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или