Қазақстандық теннисші Кореядағы беделді турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы беделді ITF J200 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
ITF Juniors әлемдік рейтингінде 25-орындағы Заңғар жартылай финалдан сенімді өтті. Ол кейінгі кездесуінде оңтүстіккореялық Сионг Джиді 6:1, 7:5 есебімен жеңді.
Финалдық кездесуде қазақстандық тағы бір кореялық Мин Хук Чомен кездеседі. Чо өз кезегінде жартылай финалда тағы бір қазақстандық Даниэль Тазабековты жеңді.
Финалдық кездесу 5 қазанда өтіп, чемпиондық кубоктың жеңімпазын анықтайды.
Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің екінші айналымында жеңілді
Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады