UFC 320 турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 5 қазанға қараған түні өтетін UFC 320 турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты кездесуінде жартылай ауыр салмақтағы UFC чемпионы Магомед Анкалаев бұрынғы титул иесі Алекс Перейрамен реванш өткізеді. Екі файтердің де салмағы 92,75 кг болды.
Негізгі жекпе-жекте жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Мераб Двалишвили Кори Сэндхагенге қарсы үшінші рет титулды қорғайды. Грузиннің салмағы 61,23 кг, ал америкалық 61 кг болды.
UFC 320
Басты кард
Кештің басты жекпе-жегі жартылай ауыр салмақ: Магомед Анкалаев (92,75 кг) vs Алекс Перейра (92,75 кг)
Чемпиондық жекпе-жек жеңіл салмақта: Мераб Двалишвили (61,23 кг) vs Кори Сэндхаген (61 кг)
Жартылай ауыр салмақ: Иржи Прохазка (93,44 кг) vs Халил Раунтри Мл. (92,98 кг)
Жартылай жеңіл салмақ: Джош Эмметт (66,22 кг) vs Юссеф Залал (66,22 кг)
Орта салмақ: Абусупьян Магомедов (84,14 кг) vs Джо Пайфер (84,36 кг)
Прелим
Орта салмақ: Атеба Гаутье (84,36 кг) vs Трестон Вайнс (83,91 кг)
Орта салмақ: Эдмен Шахбазян (84,14 кг) vs Андре Муниз (84,14 кг)
Жеңіл салмақ: Крис Гутиеррез (61,68 кг) vs Фарид Башарат (61,68 кг)
Аралық салмақ (69,39 келіге дейін): Даниэл Сантос (68,49 кг) vs Джу Сан Йоо (69,17 кг)
Алғашқы жекпе-жектер
Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Мэйси Чиассон (62,36 кг) vs Яна Сантос (61,23 кг)
Жеңіл салмақ: Патчи Микс (61,68 кг) vs Якуб Виклаж (61,68 кг)
Жартылай орта салмақ: Пунахэле Сориано (77,33 кг) vs Николай Веретенников (77,33 кг)
Жартылай орта салмақ: Рамиз Брахимай (77,33 кг) vs Остин Вандерфорд (77,33 кг)
Әйелдер арасындағы жеңіл салмақ: Вероника Харди (56,92 кг) vs Броган Уолкер (56,47 кг).