Усман Нурмагомедов ММА-дағы 20-жекпе-жегінде жеңіске жетті

PFL Champions Series 3 турнирінің басты кездесуінде Усман Нурмагомедов Пол Хьюзді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы PFL титулы аясындағы реванш толық бес раундқа созылды және жеңіліп көрмеген ресейлік файтер төрешілер (50-45, 49-46, 48-47) шешімімен жеңіске жетті.
Бүгін Усманның бұрышында Хабиб Нурмагомедов, Ислам Махачев және Умар Нурмагомедов болды.
Қаңтар айында Нурмагомедов пен Хьюз арасындағы алғашқы жекпе-жекте Усман төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Нурмагомедовтың рекорды 20 жеңіс пен 0 жеңіліс. Хьюз үш жеңіліс пен 14 жеңіске жетті.
19 жастағы қазақстандық Азимли Магомед OCTAGON турнирінде камбэк жасады
UFC-дегі өзбек спортшысы допинг үшін жазаланды
Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізеді