Бельгиялық экс-ойыншы Эден Азар әлемде дриблингі ең мықты футболшыларды атады

Бельгиялық экс-ойыншы Эден Азар әлемде дриблингі ең мықты футболшыларды атады

Бельгиялық экс-ойыншы Эден Азар әлемде дриблингі ең мықты футболшыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол бұл жайында So Foot басылымына берген сұхбатында айтты. «Реал» мен «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы дриблингі мықты ойыншылар қатарына бразилиялық Роналдиньо, Виллиан, Неймар, сондай-ақ Марселоны қосты. Оның айтуынша, «Марсело тіпті әжетханаға да допты өзімен бірге алып кіретін».

Бельгиялық ойыншы өзін әрдайым бразилиялықтармен салыстырғанын айтты. Оның алғашқы электрон поштасының атауы «edeninho10ZZ» болған.

«Мен бразилиялық футболшымен кездескенде, өзімді Азардиньо деп атаймын», – деді ол.

Сонымен қатар, Азар Лионель Месси, Арьен Роббен, Рияд Марез, Хавьер Пасторенің дриблингін ерекше атап өтті.

Эден «Манчестер Юнайтед» кезеңіндегі Криштиану Роналдуды да айтты. «Ол допты алып жүріп, финт жасап, пас бере бастағанда – бұл керемет болатын», – деді Азар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или