Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды

Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды

Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин алтын медаль жеңіп алды. Спортшы жалпы есепте 196.84 ұпай жинады. Айта кетейік, ол 2023 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Оңтүстік Корея спортшысы Юн Асун күміс медаль иеленді (174.37 ұпай). Қола жүлде Канададан келген Маделин Щижасқа бұйырды (164.39 ұпай).

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері: Амира Ирматова - 6-орын (137.15 ұпай), Нұрия Сүлеймен - 7-орын (124.40 ұпай), София Фарафонова - 9-орын (104.50 ұпай), Вероника Коваленко - 10-орын (86.12 ұпай), Русалина Шакрова - 11-орын (74.71 ұпай).

Денис Тен мемориалы: жасөспірімдердің қысқа бағдарламадағы нәтижесі

Қазан айында конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалына еліміздің атынан кімдер қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или