Лука Имнадзе финал алдында қысыммен қалай күресіп жүргенін айтты

Ертең Қызылордада «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары Қазақстан кубогының бас жүлдесін сарапқа салады. Финал қарсаңында шымкенттік клубтың жартылай қорғаушысы Лука Имнадзе KFF League сайтына сұхбат беріп, алдағы ойын туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Жаңадан салынған «Қайсар Арена» стадионында кубок финалы үшін ойнау қаншалықты ерекше болмақ?
– Әрқашан жаңа ареналарда ойнау жағымды әсер береді. «Қайсар Арена» – жақсы атмосферасы бар заманауи стадион. Финал – әрқашан ерекше матч, сондықтан оны жаңа стадионда өткізу эмоцияны арттыра түседі деп ойлаймын. Бірақ біз үшін бұл таңсық жағдай емес, қай жерде болмасын, біз ойынды маңызды кездесу ретінде қабылдаймыз.
– Қарсылас жайлы не айта аласыз? Қандай мықты және әлсіз тұстарын байқадыңыз?
– «Тобыл» – тәжірибелі, ұйымшыл команда. Олардың жақсы ойыншылары бар, допты бақылауда ұстай алады, қорғаныстан шабуылға жылдам шығады. Біз олардың ойынын мұқият зерттедік, мықты тұстарын білеміз, біз пайдалана алатын сәттерді де көріп отырмыз. Ең бастысы – өз ойынымызды ойнау.
– Қазақстан чемпионатының кейінге қалдырылған 9-турындағы ойында «Тобыл» «Ордабасыны» жеңген болатын. Сол нәтиже команданың психологиясына әсер ете ме?
– Ол ойыннан біз өз қорытындымызды шығардық. Иә, нәтиже бізге тиімді болмады, бірақ әр матч – жаңа тарих. Ал финал – мүлде басқа деңгейдегі мотивация мен көңіл күй. Бар күшімізді салып, нәтижеге қол жеткізе алатынымызға сенеміз.
– Соңғы нәтижелер көңілден шықпай жатқанда команда қысыммен қалай күресіп жүр?
– Мұндай кезеңдерде ең маңыздысы – бірге болу, бір-бірімізді қолдау. Команда ішінде атмосфера жақсы, әркім өз жауапкершілігін түсінеді. Бапкерлік штаб бізге ойынға назар аударуға, сыртқы қысымға берілмеуге көмектеседі. Біз жұмыс істеп, алға қарай жылжып келеміз.
– Қазақстан кубогы – «Ордабасы» үшін қиын маусымды сәтті аяқтауға мүмкіндік береді деп айтуға бола ма?
– Әрине. Біз жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлап, маусымды кубокпен аяқтағымыз келеді. Бұл матчтың маңызын жақсы түсінеміз және жылды жоғары нотада аяқтау үшін бар күшімізді саламыз.
Роман Асранкулов: Бізге финалда кіммен ойнайтынымыз маңызды емес
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или