Қазақстан құрамасы ММА-ден Тбилисидегі әлем чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы ММА-ден Тбилисидегі әлем чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде өткен аралас жекпе-жекпектен (ММА) әлем чемпионатында 12 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Біріккен ММА Федерациясы хабарлауынша, байрақты бәсекеде қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс және 9 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Ерлер арасында 52,2 келіде жарыс жолына шыққан Ерұлан Қабдулов ақтық сында IMМAF нұсқасы бойынша рейтингте көш бастап тұрған Тәжікстан балуанынан басым түсті.

Айта кетерлігі, бұл Ерұланның ММА-ден әлем чемпионатында жеңіп алған екінші алтыны. Бұған дейін ол дәл осы салмақта 2024 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем біріншілігінде топ жарған.

Одан бөлек, Қазақстан қоржынына тағы бір алтынды Жақсыбек Аймаханов салды. 83,9 келіде сынға түскен ол барлық жекпе-жектерін мерзімінен бұрын аяқтап, әлем чемпионы атағын иеленді.

Күміс медальді Досжан Есбол, қола жүлдені Әбілмансұр Жексенбай, Марат Әшімтаев, Еркебұлан Бегасылұлы, Дмитрий Ярков және Диас Өскер иеленді.

Қыздар арасында Матильда Бачурина, Адель Махметова, Мөлдір Әшірбекова және Диана Ахметова қола медаль еншіледі.

19 жастағы қазақстандық Азимли Магомед OCTAGON турнирінде камбэк жасады

UFC-дегі өзбек спортшысы допинг үшін жазаланды

Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или