Алматыдағы АТР 250 турниріне Бублик қатыспайтын болды

Алматыдағы АТР 250 турниріне Бублик қатыспайтын болды

Әлемнің 17-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик 13-19 қазан аралығында Алматыда (Қазақстан) өтетін АТР-250 санатындағы турнирге қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 3 қазанда, Бублик Шанхайда (Қытай) басталған «Мастерс» турнирінде күтпеген жерден әлемнің 202-ракеткасы, Монако өкілі Валентен Вашеродан жеңілді. Кездесу 6:3, 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Almaty Open 2025 турнирінің жүлде қоры 1 миллион доллардан асады. Бұл турнир әлем бойынша 40 жарысты біріктіретін АТР 250 сериясына кіреді. Жеңіс спортшыларға әлемдік рейтингте 250 ұпай әкеледі.

Almaty Open тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар бай мәдени бағдарламаға да толы болмақ. Almaty Arena сахнасында Ninety One, M’Dee, Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінусов, Alem және ILHAN сынды жұлдыздардың ең танымал хиттері мен шоулары орындалады.

Александр Бубликтің матчында сенсация тіркелді

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыстың ширек финалында сүрінді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или