Қазақстанның бірінші ракеткасы Қытайда жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші ракеткасы, теннисші Александр Бублик (АТР рейтингінде 16-нөмір) Шанхайда өтіп жатқан «Мастерс» санатындағы турнирдің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымдағы матчта қазақстандық спортшы әлемнің 202-нөмірлі ойыншысы, Монако өкілі Валентен Вашеродан жеңілді. Кездесу 6:3, 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.
Шанхайдағы «Мастерс» санатындағы турнир 1-12 қазан аралығында өтіп жатыр. Жарыстың қазіргі чемпионы – әлемнің екінші ракеткасы, италиялық Янник Синнер.
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады
Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы жарыстың ширек финалында сүрінді
Әлемнің бесінші ракеткасы Қытайдағы турнирдің ширек финалына өте алмады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или