Наурызбек Жагоров «Ордабасыға» қарсы финалдық матч жайлы ойын айтты

4 қазан күні Қызылордада «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары Қазақстан кубогының бас жүлдесін сарапқа салады. Финал қарсаңында қостанайлық клубтың жартылай қорғаушысы Наурызбек Жагоров KFF League сайтына сұхбат беріп, алдағы ойын туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Кубок финалы алғаш рет Қызылордада өтіп, «Қайсар Аренадағы» алғашқы ресми ойын болмақ. Бұл кездесуден қандай үміт күтесіз?
– Бұл – Қызылорда үшін де, жалпы отандық футбол үшін де тарихи сәт. Елде инфрақұрылымның дамып, жыл сайын жаңа стадиондардың ашылып жатқаны – үлкен жетістік. Бұл – Қазақстан футболы үшін зор артықшылық. Жаңа стадионда ойнаудың әсері бөлек, атмосферасы ерекше. Сондықтан финалдың мәртебесі бұдан да жоғары болмақ деп ойлаймын.
– Кубокта жеңіске жеткен команда Еурокубокқа жолдама алады. Бұл мүмкіндік «Тобыл» үшін және жеке өзіңіз үшін қаншалықты маңызды?– Клуб үшін Еурокубоктарға қатысу – әрқашан үлкен мәртебе әрі тәжірибе. Бұл – команда дамуының бір көрсеткіші. Ал мен үшін бұл – басты мақсаттарымның бірі. Себебі халықаралық аренада өз күшімді сынап, «Тобылдың» Қазақстанды лайықты деңгейде таныта алатынын дәлелдегім келеді.
– Қазақстан кубогын жеңу сіз үшін жеке және клуб үшін қаншалықты маңызды?
– Кез келген жүлде – команданың ортақ еңбегінің жемісі. Ол клубтың мәртебесі мен амбициясын айқындайды. Ал мен үшін бұл – үлкен мақтаныш әрі финал тарихында атымды қалдыру мүмкіндігі.
– Мұндай маңызды матчтарда жанкүйерлердің үміті мен қысымын сезінесіз бе?
– Біз жанкүйерлер алдындағы жауапкершілікті толық түсінеміз. Бұл қысым емес, қайта, қосымша мотивация деп айтқым келеді. Ең бастысы – сабыр сақтап, өз ойынымызды көрсету. Жанкүйерлердің қолдауы керісінше эмоцияны басқаруға көмектеседі.
– «Тобыл» қазір екі бағытта – Кубокта да, Премьер-лигада да чемпиондыққа талас жүргізуде. Мұндай қарқынға шыдау қаншалықты қиын?
– Әрине, оңай емес. Бірақ бізде оған күш те, жігер де жеткілікті. Әр ойынды жеке қабылдап, бар назарды алдағы матчқа аударамыз. Мұндай кесте тәртіпті талап етеді. Бұл – жоғары деңгейдегі футболдың талабы.
«Ақтөбе» қазақстандық шабуылшымен қоштасады
Роман Асранкулов: Бізге финалда кіммен ойнайтынымыз маңызды емес
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или