Қазақстан Премьер-лигасына шыққан тағы бір клуб белгілі болды

Қазақстан Премьер-лигасына шыққан тағы бір клуб белгілі болды

Павлодарлық «Ертіс» араға бес жыл салып Қазақстан Премьер-лигасына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші лиганың 24-турында команда өз алаңында «Хан-Тәңірін» 7:1 есебімен ойсырата жеңген. Бұл ойында «Ертіс» сапынан Тамерлан Ағыманов (2-минут), Асқар Сатышев (42), Еркебұлан Тұңғышбаев (47), Арман Кеңесов (55), Руслан Есімов (80), Арман Смаилов (82) және Владимир Воменко (89) көзге түсті. «Хан-Тәңірінің» жалғыз голы Еркебұлан Тұңғышбаевтың автоголы арқылы (40) тіркелді.

Осы жеңістің арқасында «Ертіс» 57 ұпай жинап, Бірінші лигада кем дегенде екінші орынды қамтамасыз етті және соның нәтижесінде қайтадан ҚПЛ-ға жолдама алды. Айта кетейік, павлодарлық клуб Қазақстанның бес дүркін чемпионы саналады.

Бұған дейін «Каспий» де Премьер-лигаға жолдама алған еді.

«Ақтөбе» қазақстандық шабуылшымен қоштасады

«Қайрат» қақпашысы үздіктер қатарына енді

Роман Асранкулов: Бізге финалда кіммен ойнайтынымыз маңызды емес

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или