Астана қаласында семсерлесуден республикалық турнир басталды

Астана қаласында семсерлесуден республикалық турнир басталды

Астана қаласындағы «Өндіріс» спорт кешенінде кадеттер мен юниорлар арасындағы дәстүрлі «Астана қылышы – 2025» республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың ресми ашылуына «Астана» семсерлесу федерациясының президенті Ержан Нүсіпбеков, қалалық Спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

— «Биыл «Астана қылышы – 2025» республикалық ашық турнирі жаңа мәртебеге ие болды. Ол кадеттер мен юниорлар арасындағы Қазақстандағы ресми рейтингтік турнирлер тізіміне енгізілді. Бұл — отандық спорттың дамуына маңызды қадам және еліміздің жас семсерлесушілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді федерация президенті Ержан Нүсіпбеков.

Биылғы додаға еліміздің тоғыз өңірінен 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы және Солтүстік Қазақстан облысының үздік жас спортшылары бар.

Жарыс екі жас санаты бойынша өтеді:

  • Юниорлар – 2006 ж.т. және одан кіші,
  • Кадеттер – 2009 ж.т. және одан кіші.

Қатысушылар семсерлесудің үш қару түрі — қылыш, рапира және шпага бойынша жеке және командалық есепте бақ сынайды. Жас спортшылар алдағы 8 күн бойы медальдар мен ресми рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі.

Турнир Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Астана» семсерлесу федерациясының ұйымдастыруымен өтуде.

Айта кетейік, айтулы бәсеке 10 қазанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или