Норвегияда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде

Норвегияда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде

Ауыр атлетикадан Норвегияның Фёрде қаласында кезекті жаһандық дода басталды, деп хабарлайды Prosports.kz

2-11 қазан аралығында жалғасатын бәсекеде Қазақстан құрамасы 4 спортшысын қосты.

Биылғы әлем чемпионатының басты ерекшелігі - салмақтар өзгертілді.

  • 79 келі. 6 қазан. 39 спортшы
  • Едіге Емберді

Шілде айында ғана жастар арасында Азия чемпионы атанған Едіге Емберді сол сәтте 347 келіні (153+194) еңсерген болатын. Ересектер арасындағы додада жерлесімізге қарсыластар жетерлік. Олар: әлем чемпионы Ли Чон Сон (Солтүстік Корея), 2 дүркін әлем чемпионы Рахмат Эрвин Абдулла (Индонезия), Париж Олимпиадасының чемпионы Ризки Джуниансиа (Индонезия), әлем чемпионы Оскар Рейес Мартинес (Италия) және бірнеше Еуропа чемпиондары бар.

  • Петр Хребтов

Отандасымыз 2025 жылы 73 келіде Азия чемпионатының қола жүлдесін еншілеген. Ол да көптеген қарсыластары секілді 79 келіге ауысуды жөн көрді.

  • 88 келі. 7 қазан.
  • Әлібек Рахымберді

Мамыр айындағы Азия чемпионатында 81 келіде бақ сынап, 7-орынға тұрақтаған. Жас спортшымыз осы жолы 88 келіде Б тобында өнер көрсетеді.

  • 110 келі. 10 қазан
  • Сұлтан Мейрам

Отандасымыз 2024 жылы әлем чемпионатына қатысып, 20-орынға тұрақтаған. Биыл ол С тобында зілтемірді көтереді.

Айта кетейік, биылғы жарысқа 87 елден 477 спортшы қатысуға ниет білдірген.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или