Руслан Мадиев Таиландта чемпиондық атағын қорғайды

Руслан Мадиев Таиландта чемпиондық атағын қорғайды

Ертең, 4 қазанда Бангкокта (Таиланд) WBA Asia жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағы үшін тартысты жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақ боксшысы Руслан Мадиев (17-2-1, 6 КО) өз атағын жеңілістің дәмін татпаған намибиялық боксшы Абед Шиконгоға (11-0-1, 6 КО) қарсы қорғайды. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және өте шиеленісті болмақ.

Ол бұған дейін маусым айында Испанияда айқас өткізіп, мексикалық Хорхе Баталья Мартинеспен (11-5-1, 7 КО) тең түскен еді.

Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді

Рик Глэйзер: «Головкинді даңқ залына міндетті түрде қосады»

Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или