Ризабек Айтмұқан жастар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынамақ

2025 жылдың соңына дейін қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан тағы бір ірі сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sportarena хабарлауынша, ол 20–27 қазан аралығында Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатына қатысады.
Айтмұхан бұл жарысқа өткен жылғы чемпион әрі «best of the best» атағының иегері ретінде аттанады. Дегенмен сарапшылардың пікірінше, 97 келі салмақ дәрежесінде басты фаворит болып саналмайды. Алтын жүлдеге негізгі үміткер ретінде жапон балуаны Араш Йошида көрсетілуде. Ол қазақстандық спортшыны екі рет Азия чемпионатының финалында жеңген:
- – 2023 жылы Астанада (92 кг) – 11:4 есебімен;
- – 2025 жылы Амманда (97 кг) – 7:1 есебімен.
Айта кетейік, соңғы ересектер арасындағы әлем чемпионатында Йошида үздік үштікке енсе, Айтмұхан алғашқы белдесуде Магомед Курбановтан ұтылып қалған еді.
Астанада әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға құрмет көрсетілді
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды
Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады