Юлия Путинцева Қытайдағы турнирді жүлдесіз аяқтады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдағы турнирдің ширек финалында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қытайдың Сучжоу қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің ширек финалында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (WTA рейтингінде – 63) кортқа шықпады.
Осыған байланысты оның қарсыласы, әлемнің 44-ракеткасы неміс теннисшісі Татьяна Мария матчсыз жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті.
Марияның финалға жолдама үшінгі қарсыласы Швейцария өкілі Виктория Голубич пен филиппиндік Александра Эала арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.
Григорий Ломакин Түркиядағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Бейжіңдегі турнирдің екінші айналымына шыға алмады
Даңқты француз теннисшісі 2026 жылы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді