ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми добын таныстырды

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының ресми матч добын таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс үш елде өтеді: АҚШ, Канада және Мексика.

Дизайн қабылдаушы елдерді бейнелейтін үш түсті - қызыл, көк және жасылды қамтиды. Доп ТРИОНДА деп аталады.

2026 жылғы әлем чемпионатында әрқайсысы төрт командадан 12 топқа бөлінген 48 ұлттық құрама қатысады. Үздік екі команда және үшінші орын алған сегіз үздік команда плей-офф кезеңіне өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или