Бекзат Алмахан UFC чемпионының бауырымен кездеседі
Қазақстандық UFC файтері Бекзат Алмаханның (12-2, UFC: 1-1) ресми түрде жаңа қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы — жартылай жеңіл салмақтағы қазіргі UFC чемпионы Илия Топурияның бауыры, испаниялық Александр Топурия (6-1, UFC: 1-0) болады.
Алмахан кейінгі жекпе-жегін 2025 жылы мамырда өткізіп, Брэд Катонуды бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Бұл нәтиже UFC тарихындағы қазақстандық спортшылар арасындағы ең жылдам нокаут ретінде тіркелді.
Алмахан — Топурия жекпе-жегі 22 қараша күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или