Григорий Ломакин Түркиядағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Түркияның Кайсери қаласында өтіп жатқан ITF M15 сериясындағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz..
Алғашқы айналымда Ломакин франциялық Николя Тепмактан басым түсті. Матч 6:4, 3:6, 6:4 есебімен аяқталды.
Екінші айналымда Ломакин америкалық Рид Джарвисты 6:2, 6:4 есебімен жеңген Сауд Арабиясы теннисшісі Анмар Фалех Альхогбанимен кездеседі.
Бұдан бөлек, бүгін қазақстандық спортшы неміс теннисшісі Кай Венельтпен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. Олар жергілікті спортшылар Алп Хороз және Мерт Оздемирге қарсы ойнайды.
Әлемнің бесінші ракеткасы Қытайдағы турнирдің ширек финалына өте алмады
Қазақстандық теннисші Бейжіңдегі турнирдің екінші айналымына шыға алмады
Даңқты француз теннисшісі 2026 жылы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді