«Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы: «Қайрат» Еуропа алыптарына қарсы сенімді ойын көрсетті

«Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы: «Қайрат» Еуропа алыптарына қарсы сенімді ойын көрсетті

«Қайраттың» алғашқы Чемпиондар лигасындағы матчы Қазақстан футболы үшін тарихи оқиғаға айналды. Бұл туралы «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Сол Кэмпбелл Kazinform тілшісінің сұрағына берген жауабында мәлімдеді.

— Менің ойымша, команда өте жақсы өнер көрсетті, әсіресе бірінші таймда. Допты сенімді ұстады, тіпті алғашқы он секундта-ақ айқын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке қарай, сол сәтте Куртуаға көбірек қысым жасай алмады. Дегенмен, «Қайраттың» қақпашысы тамаша ойынымен көзге түсті. Ол небәрі 18 жаста, алайда болашағы жарқын, — деді Сол Кэмпбелл.

Оның айтуынша, «Қайрат» Еуропаның ең мықты клубтарының бірі — ең көп Чемпиондар лигасын жеңіп алған «Реал Мадридке» қарсы ойнады.

— Бұл тарихи күн, тамаша атмосфера болды. Бұл тек «Қайрат» үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға, — деп түйіндеді ол.

«Ордабасы» қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев тізесіне ота жасатты

Қайрат Боранбаев: «Командаға сенемін, футболда бәрі мүмкін»

«Ұлытау» қорғаушысы Каррильо Дастан Сатпаевты Ламин Ямальға теңеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или