ФИФА бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады

ФИФА бұрын-соңды болмаған шешім қабылдады

ФИФА кеңесінің отырысында бұрын-соңды болмаған шешім қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ФИФА кеңесі 2027 жылы 20 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатын Қазақстанның көршілері — Өзбекстан мен Әзербайжанға беру жөнінде теңдессіз шешім қабылдады.

Бұған дейін мұндай турнирді екі мемлекет қатарынан қабылдаған емес. Сондай-ақ, екі конфедерация бір уақытта мұндай жарысты өткізбеген. Тіпті үш конфедерация бірдей қабылдайтын алғашқы әлем чемпионаты да Өзбекстан мен Әзербайжандағы турнирден үш жыл кейін ғана өтеді.

ФИФА өкілдері әзірге әр ел қанша топтық матч қабылдайтыны туралы сұраққа жауап беруге дайын емес. Дегенмен турнир форматына байланысты теңдей бөлінуі мүмкін еместігі айтылады.

Чемпиондар лигасы: Аптаның үздік ойыншысына үміткерлер белгілі болды

Джуд Беллингем жылдың үздік ойыншысы атанды

УЕФА Израильге қатысты шешім қабылдады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или