«Ауруханаға түсер едім». Голливуд жұлдызы абсолют чемпионмен рингке шығуы жайында айтты

«Ауруханаға түсер едім». Голливуд жұлдызы абсолют чемпионмен рингке шығуы жайында айтты

Голливуд актері Дуэйн Джонсон супер ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы Александр Усикпен фильм түсіріліміндегі жұмысы жайлы әсерін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Фильмде Джонсон ММА-ның бұрынғы файтері Марк Керрдің рөлін сомдаса, Усик аралас жекпе-жек аңызы Игорь Вовчанчинді ойнады. Актердің айтуынша, спортшымен бірге түскен сахналар оның өзі үшін нағыз сынақ болған.

«Ең алдымен, Усик — тамаша адам, ашық әрі әзіл-қалжыңы мықты. Біз рингке бірге шыққанда, оның қаншалықты мықты екенін бірден түсіндім. Кейбіреулер сырттай қорқынышты көрінеді, бірақ шындығында олай болмай шығады. Усиктің жағдайында бәрі керісінше — оның күші мен техникасы бірден сезіледі. Біз толыққанды жекпе-жек сахнасынан өттік, сонда оның қуатын сезіндім. Ол ғажайып жылдам, шын айтамын, егер оның бір соққысы шын мәнінде тисе, мен ауруханаға түсетін едім», — деді Джонсон TalkSport-қа берген сұхбатында.

Жәнібек Әлімханұлы WBC чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді

Рик Глэйзер: «Головкинді даңқ залына міндетті түрде қосады»

Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или