Магомед Идыновты тұншықтыру әдісімен жеңіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Аралас жекпе-жектен OCTAGON 1XBET SELECTION 54 іріктеу турнирінде қазақстандық жас спортшы Азимли Магомедтің жекпе-жегі эпикалық камбэкпен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
19 жастағы отандасымыз (0-1) наилегчайший салмақта қырғызстандық Тумар Идыновпен (0-1) күш сынасты.
Кездесу басынан-ақ Магомед үшін қиын басталды. Ол мойынға салынған қатты қыспақтан әрең құтылып, мерзімінен бұрын жеңілуден аман қалды. Бұл сәт оған сенім сыйлады. Раундтың екінші жартысында қазақстандық қарсыласын қателікке итермелеп, тамаша тұншықтыру әдісін жасап, жеңісті жұлып алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или