«Қайрат» басшысы ЧЛ-дегі мақсат пен Аршавинмен кездесуді айтты

«Қайрат» басшысы ЧЛ-дегі мақсат пен Аршавинмен кездесуді айтты

«Қайрат» клубының байқаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алматылық команданың Чемпиондар лигасындағы ойынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт-Экспресске» сілтеме жасап.

Боранбаевтың айтуынша, команда плей-офф кезеңіне шығуға дайын:

«Иә, мен сенемін. Футболда бәрі мүмкін. Бәсеке өте жоғары, бірақ дәл сенім мен жанкүйерлердің қолдауы нәтиже әкеледі. Тіпті мүмкіндік аз сияқты көрінген сәтте де», – деді ол.

Сондай-ақ ол Андрей Аршавинмен кездесуін ерекше атап өтті:

«Өте жылы сөйлестік. Андрей әрқашан футбол туралы ашық айтады, командалардың мықты және әлсіз тұстарын әділ көрсетеді. Оның тәжірибесі баға жетпес, қоштасарда бізге алдағы ойындарда сәттілік тіледі», – деді Боранбаев.

Келесі турда «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Пафосын» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или