Хосе Каррильо: «Сатпаев – Қазақстанның Ламин Ямалі болуы мүмкін»

Хосе Каррильо: «Сатпаев – Қазақстанның Ламин Ямалі болуы мүмкін»

Жезқазғандық «Ұлытау» қорғаушысы Хосе Каррильо AS басылымына берген сұхбатында «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаевты ерекше атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазір ең көп талқыланып жүрген ойыншы – Сатпаев. 17 жасында-ақ ол бүкіл елді таңғалдыруда және клубтың бір түрдегі халықаралық елшісіне айналып отыр. Жас ерекшелігін, талантын және позициясын ескерсек, ол Қазақстанның Ламин Ямалі бола алады. Әрине, ол жиі плеймейкер рөлінде ойнайды, тек қана қанатта емес», – деді Каррильо.

Еске сала кетейік, жыл басында «Қайрат» Сатпаевтың «Челсиге» 2,4 миллион еуроға трансферін ресми жариялаған. Форвард Лондон клубына келесі жылы тамыз айында, 18 жасқа толған соң қосылады.

Ағымдағы маусымда 17 жастағы шабуылшы 35 матч өткізіп, 15 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген. Салыстыра кетсек, Сатпаевтан бір жас үлкен Ламин Ямаль қазірдің өзінде «Барселонаның» және Испания құрамасының басты жұлдызына айналды. Қыркүйекте ол «Алтын доп» дауыс беруінде екінші орын алды, ал оның трансферлік құны 200 млн еуроға бағалануда.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или