GGG алғаш рет бокс даңқ залына ұсынылды

Кәсіпқой бокстың экс-әлем чемпионы, 22 мәрте титулын сәтті қорғап, бір кездері P4P рейтингінде көш бастаған Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқ залына ұсынылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ережеге сәйкес, спортшы мансабын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл өтуі тиіс. GGG соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізген болатын. Биыл ол алғаш рет үміткерлер қатарына енді. Дауыс беру қорытындысы 1 желтоқсанда белгілі болады. Жеңімпаздарды АҚШ, Жапония, Англия, Канада, Аргентина, Австралия, Нидерланд, Германия және Мексикадан келген журналистер мен тарихшылар анықтайды.
Boxingscene порталының дерегінше, Головкин дауыс беруде басты фаворит саналады. Оның бәсекелестері қатарында Вернон Форрест (экс-чемпион, 2001 жылы Шейн Мозлиді жеңген) және ирландиялық Стив Коллинс (орта және екінші орта салмақтағы бұрынғы чемпион, Крис Юбенк пен Найджел Беннен екі мәрте ұтқан) бар.
Әйелдер арасында Қарағанды облысының тумасы, Германия атынан сынға түскен Кристина Хаммер ұсынылды. Ол орта салмақта WBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанып, 12 рет белбеуін қорғаған.
IBHOF даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штаты Канастота қаласында орналасқан. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша маусым айында өтеді. Қазақстандық боксшылар бұл тізімге әлі енбеген.
Астанада бокстан республикалық турнир басталды
IBA ұйымы ерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізетінін мәлімдеді
World Boxing президенті отставкаға кетсе Головкин басты үміткер атанады