Рамазан Теміров бір жылға жарыстардан шеттетілді

UFC-де өнер көрсететін өзбекстандық файтер Рамазан Теміров келер жылдың жазына дейін октагонға қайта орала алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сәрсенбі күні ұйым ресми түрде спортшының он екі айға дисквалификацияланғанын мәлімдеді. Себебі ол 12 маусым мен 4 шілдеде CSAD агенттігі өткізген екі допинг-тесттен сүрінген.
Теміровтің сынамаларынан жүрек жеткіліксіздігін емдеуде қолданылатын, бірақ UFC-дің тыйым салынған дәрілер қатарына кіретін триметазидин табылған. Бұл зат гормондық және метаболикалық модуляторлар санатына жатады.
Еске сала кетейік, Теміров UFC-дегі дебютін өткен жылдың қазан айында өткізіп, Си Джей Вергаруды техникалық нокаутпен жеңіп, «Кештің үздік өнері» бонусын алған еді. Биыл наурызда Чарльз Джонсонды да ұтып, екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал шілденің 26-на жоспарланған қазақстандық Асу Алмабаевпен жекпе-жегі күшін жойған болатын.
Царукян келесі жекпе-жегін қарашада өткізеді