Аслан Галаев футзалдан Еуропа чемпионатындағы матчтарға төрелік етеді

Аслан Галаев футзалдан Еуропа чемпионатындағы матчтарға төрелік етеді

ФИФА төрешісі, қазақстандық Аслан Галаев 2026 жылдың қаңтар-ақпанында Латвия, Литва және Словенияда өтетін футзалдан Еуропа чемпионатына төрелік ететін үміткерлер қатарына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Дайындық аясында А.Галаев пен басқа да үміткерлерге 13-16 қазанда Словенияның Любляна қаласында өтетін УЕФА-ның арнайы төрешілерге арналған курстарына шақыру келді.

Курс бағдарламасында ережелерді біркелкі түсіндіру бойынша нұсқаулықтар алу, қажетті физикалық дайындық деңгейін сақтау бойынша ұсыныстар, ойын кезіндегі шешім қабылдау механизмдерін пысықтау, сондай-ақ физикалық дайындық бойынша тест тапсыру қарастырылған.

Айта кетейік, 2022 жылы Аслан Галаев Испанияда өткен футзалдан жасөспірімдер Еуропа чемпионаты матчтарына төрелік етіп, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті.

Шыңғыс Есенаманов: «Мен үшін соңғы іріктеу кезеңі болды»

Дәурен Тұрсағұлов: «Келесі іріктеу кезеңіне дайындаламыз»

Игита: «Ұлттық құрама үшін ойнауға әркез дайынмын»



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или