Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады

Су спорты түрлерінен Ахмедабад қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүзу сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды.

Сары құрлық чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бірінші орынға ие болды.

Күміс медаль иегерлері: Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй), София Әбубәкірова (50 метр арқамен жүзу), Глеб Коваленя (50 метр еркін стиль), Айбат Мырзамұратов (50 метр брасс), София Әбубәкірова (50 метр баттерфляй).

Қола жүлде иегерлері: Софья Сподаренко (100 метр баттерфляй), Максим Сказобцов (50 метр баттерфляй), Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй), Қазақстан аралас құрамасы (4х100 метр еркін стиль эстафетасы).

Үстел теннисі: қазақстандық төреші Мысырда өтетін ірі турнирде төрелік етеді

Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Алматы қаласы келер жылы ТМД-ның спорт астанасы атанaды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или