Царукян келесі жекпе-жегін қарашада өткізеді

Арман Царукян 70 келі салмақта UFC рейтингінде алтыншы орындағя жаңа зеландиялық Дэн Хукермен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек 22 қарашада Катарда өтеді және турнирдің басты жекпе-жегі болады.
28 жастағы Царукян октагонда кейінгі рет 2024 жылдың көктемінде жекпе-жек өткізіп, Чарльз Оливейраны төрешілер шешімімен жеңген болатын. Қаңтар айында ол Ислам Махачевке қарсы титулдық жекпе-жектен бас тартты.
35 жастағы Хукер 2024 жылдың тамызында Матеуш Гамротты төрешілер шешімімен жеңді.
Шавкат Рахмоновтың экс-қарсыласы таңғажайып камбэк жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или