Қазақстандық пара жеңіл атлет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық пара жеңіл атлет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Үндістан астанасы Дели қаласында өтіп жатқан пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Руфат Хабибуллин (F64) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол найза лақтыруда 47.14 метрге нәтижеге қол жеткізді.

Бұл сайыста алтын медальді 71.37 метрге найза сермеген үндістан спортшысы Сумит жеңіп алса, күміс жүлде 48.38 метр көрсеткішпен Колумбия атлеті Томас Филип Сато Минаға бұйырды.

Әлем чемпионатында Қазақстан тарапынан Руфат Хабибуллинмен бірге Дастан Мұкашбеков (F36), Иван Залезняк (F36), Ислам Сәлімұлы (T13), Еламан Жоламан (F35) және Диана Шапошникова (F40) өнер көрсетуде.

Айта кетейік, пара жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 5 қазанға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеде әлемнің 100-ге жуық елінен келген 1000-нан астам спортшы 184 бағдарлама бойынша бақ сынауда.

Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Алматы қаласы келер жылы ТМД-ның спорт астанасы атанaды

Қазақстандық төреші Мысырда өтетін ірі турнирде төрелік етеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или