«Барыс» Астанада өткен матчта «Локомотивке» есе жіберді
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 1 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған матчта, ресейлік клубтың белсенділігі байқалды. Олардың қатарынан Андрей Сергеев 3-минутта есеп ашса, Байрон Фрейз 25, Георгий Иванов 43, Егор Сурин 44-минутта мергендік танытты. Ал «Барыс» сапынан райли Уолш 55-минутта есеп айырмасын қысқартса, ресейлік клубтан Никита Кирьянов 57-минутта ойынның нүктесін қойды.
«Барыс» хоккей клубы алдағы үш ойынын сырт айдында өткізіп, Ресейде 5 қазанда «Сибирь» (Новосібір), 7 қазанда «Ак Барс» (Қазан), 9 қазанда «Трактор» (Челябі) командаларына қарсы өткізеді.
«Барыс» қорғаушысы «Локомотивке» қарсы ойында дебют жасауы мүмкін
Астанадағы тартыс: «Барыс» – «Локомотив» матчына дайындық
«Барыс» — «Адмирал» матчы қалай өтті. Видео