Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының жолдастық матчы неге өтпейтіні анықталды

Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының жолдастық матчы неге өтпейтіні анықталды

Өзбекстан футбол қауымдастығы ұлттық құрамалар бөлімінің экс-басшысы Шерзод Игамбердиев Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасындағы өтпей қалған жолдастық матчқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Championat.Аsia басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, келіссөздер жүргізілген. Алайда кездесуді қай стадионда өткізу туралы ортақ шешімге келе алмаған. Сондай-ақ ол матчтың Қазақстан футбол федерациясы тарапынан алдын ала хабарланғаны үшін тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сонымен қатар ол Қазақстанмен қарым-қатынастың жақсы екенін атап өтті. Қазір екі ел UEFA Assist жобасы аясында бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін күзде Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында жолдастық матч өтеді деп жоспарланған еді, алайда оның орнына жастар құрамаларының кездесулері жарияланды.

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчының онлайн-көрсетіліміндегі ақаудың себебі аталды

Мбаппе: «Алматыдағы жеңіс дербидегі жеңілісті ұмыттырмайды»

Дастан Сатпаев: «Бізге ең алдымен халықаралық тәжірибе жетіспейді»

Жоржиньо: «Реалдың» күші мойындау керек»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или