Әлемнің 88-ракеткасы Бейжіңдегі турнирдің екінші айналымына өте алмады

Әлемнің 88-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан «Мастерс» санатындағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың алғашқы кездесуінде ол жапониялық Ёсихито Нисиокадан жеңіліп қалды. Ойын 1:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Теннисшілердің кездесуі 1 сағат 10 минутқа созылды.
Екінші айналымда Ёсихито Нисиока әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублёвпен кездеседі.
Даңқты француз теннисшісі 2026 жылы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің ширек финалына қадам басты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или