Давид Алаба «Қайратты» жеңгеннен кейін пікір білдірді

«Реал» қорғаушысы Давид Алаба Чемпиондар лигасында «Қайратты» жеңгеннен кейін (5:0) пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Ұзақ үзілістен кейін алаңға оралдыңыз. Жоғары деңгейдегі ойыныңызды қашан көре аламыз?
— Өз деңгейіме оралдым ба? Иә, мен оралдым. Бүгін соны дәлелдедім. Әрине, қалаған ойынымды көрсету үшін алаңда минуттар қажет. Көп матчты өткізіп алдым, сондықтан алаңға қайта шығып, алғашқы минуттарымды алғаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін өте маңызды.
— Алғашқы 20 минутта қарсыластың ойынына бейімделу қиын болды ма?
— Алғашқы 20 минутта «Қайрат» бізге жоғары прессинг жасады. Мұндайды күтпегенбіз. Бірақ, менің ойымша, біз жағдайды бақылауда ұстадық, ойынды да бақыладық. Бұл матчқа байыппен қарадық. Кейде бірінші таймда допты жоғалтып алдық, бірақ кейін керемет ойынды көрсеттік, — деді Алаба Okko эфирінде.
«Реал» мені таңғалдырды». Неге «Қайрат» мадридтіктерге гол соға алмады
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчының онлайн-көрсетіліміндегі ақаудың себебі аталды