World Boxing халықаралық федерациясының Конгресі Италияда өтеді

Алғашында Үндістанда өтуі тиіс болған World Boxing халықаралық федерациясының Конгресі 2025 жылдың 23 қарашасында Италия астанасы Римде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл шешім World Boxing өкілдері мен Үндістан бокс федерациясы арасындағы келіссөздердің нәтижесінде қабылданды.
Конгресс аясында World Boxing президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланып, олимпиадалық бокстың дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланады.
Айта кетейік, Әлем кубогының финалдық кезеңі бұрынғы жоспарға сай Нью-Делиде (Үндістан) өтеді. Бұл жарыс 2025 жылдың 17-22 қарашасына белгіленген.
Астанада бокстан республикалық турнир басталды
Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады
Алматы әкімі әлем чемпионатында топ жарған спортшыларды қабылдады