«Реал» мені таңғалдырды». Дмитрий Огай «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчы туралы

«Реал» мені таңғалдырды». Дмитрий Огай «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчы туралы

30 қыркүйекте Алматыда қазақстандық футбол үшін тарихи матч өтті. Чемпиондар лигасы аясында жергілікті «Қайрат» мадридтік «Реалды» қабылдап, алматылықтар 0:5 есебімен жеңілді.

Бұрынғы танымал қазақстандық футбол маманы Дмитрий Огай Prosports.kz сайтына алматылық команданың голсыз жеңілісінің себепбі туралы пікір білдірді.

– «Қайраттың» дайындығы болды: матч басында қарсыласына барынша қысым жасау, себебі ол кезде «Реал» оған дайын болмауы мүмкін еді. Сәтпаевтың баспен соққы жасау мүмкіндігі туды: егер сәл дәл түссе, гол болатын еді. Кейін пенальти белгіленді: төреші VAR-ды қарап, оны жоққа шығарды. Шынын айтсақ, мүмкіндік аз еді – мұны түсінеміз. Ойын толықтай «Реалдың» бақылауында өтті, бұл айқын көрінді.

«Реалдың» ойынын ешқашан өз көзіммен көрмеп едім, ал олардың жекелей деңгейі мені таңғалдырды. Өз көзіңмен көру мен теледидардан қарау – мүлдем бөлек нәрсе, – деді маман.

Чемпиондар лигасындағы келесі матч 21 қазанда Алматыда өтеді. «Қайраттың» қарсыласы кипрлік «Пафос» болады.

«Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчының онлайн-көрсетіліміндегі ақаудың себебі аталды

Мбаппе: «Алматыдағы жеңіс дербидегі жеңілісті ұмыттырмайды»

Дастан Сатпаев: «Бізге ең алдымен халықаралық тәжірибе жетіспейді»

Жоржиньо: «Реалдың» күші мойындау керек»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или