Спорттық гимнастикадан ӘЧ: ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі жарияланды

Спорттық гимнастикадан ӘЧ: ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі жарияланды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Джакартада (Индонезия) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әртүрлі бағдарламада жүлде үшін алты гимнаст бақ сынайды. Атап айтқанда Нариман Кұрбанов ат снарядындағы, Милад Карими кермедегі, еркін, Дмитрий Патанин еркін, қоссырық пен шығыршықтағы жаттығулар бойынша сайысқа түседі.

Сондай-ақ Ильяс Әзізов еркін, қоссырық және кермедегі, Диас Тойшыбек ат снаряды, қоссырық және кермедегі, Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығулар жарысында ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 19-25 қазан аралығында өтеді. Өткен әлем біріншілігінде Милад Карими еркін жаттығуларда қола медаль жеңіп алған еді.

Жүзуші Әділбек Мусин Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Индонезияда өтетін әлем чемпионатында алты қазақстандық гимнаст ел намысын қорғайды

Алматы қаласы келер жылы ТМД-ның спорт астанасы атанaды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или