«Барыс» үйдегі сериясын «Локомотивке» қарсы ойымен аяқтайды

«Барыс» үйдегі сериясын «Локомотивке» қарсы ойымен аяқтайды

Бүгін «Барыс» өз алаңындағы сериясын маусым фавориттерінің бірі саналатын ярославльдік «Локомотивке» қарсы матчпен түйіндейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесу астаналықтар үшін плей-офф аймағындағы орнын нығайтуға мүмкіндік болса, қонақтар үшін Батыстағы көшбасшылықты сақтап қалу жолындағы сын болмақ.

Командалардың жағдайы: «Барыс» соңғы үш ойында екі рет жеңіске жетті: – 25 қыркүйек: «Барыс» – «Ак Барс» 1:2 – 27 қыркүйек: «Барыс» – «Сибирь» 6:4 – 29 қыркүйек: «Барыс» – «Адмирал» 3:0

Қақпашы Адам Шил «Адмиралға» қарсы ойында КХЛ-дағы алғашқы «құрғақ» матчын өткізді. Қазір ол 108 минут 16 секунд бойы шайба өткізген жоқ. Михаил Кравец шәкірттері 10 матчтан кейін 11 ұпай жинап, Шығыста алтыншы орында тұр.

«Локомотив» Батыс конференциясының көшін бастап келеді. 10 ойында небәрі үш рет ұтылды. Соңғы матчта минскілік «Динамодан» буллиттер сериясында (2:3) жеңілген.

Негізгі ойыншылар: «Барыс»: Майкл Веккьене (10 ұпай – 4+6), Джейк Масси (қорғаушылар арасында топ-5), Мэйсон Морелли (соңғы үш ойында 2+1), Адам Шил (КХЛ-дағы алғашқы шатаут). «Локомотив»: Александр Радулов пен Егор Сурин (әрқайсысы 7 голдан), қақпашы Даниил Исаев (94,7% сейв, КН – 1,45), Андрей Сергеев (КХЛ-да 300 ұпайға үш қадам қалды), Алексей Мельничук (тағы бір «сухарь» жасаса, лигада 10-шы рет қақпасын құрғақ ұстамақ).

Қызық дерек: КХЛ тарихында екі команда 31 рет кездескен. Оның 10-ында «Барыс», 21-інде «Локомотив» жеңіске жеткен. Астаналықтар қарсыласының қақпасына 71 шайба соқса, ярославльдіктер 120 рет мергендік танытқан.

Матчтан негізгі интрига – екі қақпашының дуэлі: Шил мен Исаев айқасы. Сонымен қатар шабуылдағы көшбасшылардың ойынына да көп нәрсе байланысты болмақ.


«Барыс» ҚХЛ матчында сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық шабуылшы Польша чемпионатында нәтижелі ойнап жүр

17 жастағы қазақстандық хоккейші Квебек лигасында жаңа клубқа өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или