Кәсіби аренасында әлі жеңілмеген қазақстандық файтер Қожахмет Иманғали (7-0) келесі қарсыласын тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қожахмет Иманғали OCTAGON 80 турнирінде Клаудесси Бритомен кездеседі

Оның қарсыласы – тәжірибелі бразилиялық Клаудесси Брито (15-4). Ол 2023 жылдың қыркүйегінде «қазақстандық Сехудо» атанып кеткен Дамир Толеновты (12-1) бірінші раундта техникалық жеңіспен тоқтатып, оның жеңіліссіз сериясын үзіп тастаған еді. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді және ол 25 қазанда Астанада өтетін мерейтойлық OCTAGON 80 турнирінің кардында болады. Кештің басты айқасында орта салмақтағы чемпион Бауыржан Қуанышбаев (19-6) әзербайжандық Хамзат Чапановпен (15-5) белбеу үшін жұдырықтасады. Ал қосалқы басты жекпе-жекте қырғызстандық жеңіл салмақ чемпионы Руслан Қасымалы уулу (10-0) қазақстандық Нұржігіт Байменмен (8-0-1) күш сынасады.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — компаниясы
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 78 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы