«Қайратқа» хет-трик жасаған Мбаппе «Атлетикомен» ойынды еске салды

«Қайратқа» хет-трик жасаған Мбаппе «Атлетикомен» ойынды еске салды

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында алматылық «Қайратты» 5:0 есебімен ұтқаннан кейін де, Испания чемпионатындағы «Атлетикодан» (2:5) алған жеңілісті ұмытуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз бұл жеңілісті естен шығармауымыз керек, күн сайын өзімізді жетілдіріп отыруымыз қажет. Тек солай ғана мұндай соққыларды болдырмаймыз. Алматыдағы жеңіс пе? Жоқ, ол дербидегі жағдайды жоя алмайды», — деді Мбаппе матчтан кейін.

Француз форвард Алматыдағы кездесудің басты қаһарманы атанды: хет-трик жасап, УЕФА-дан «ойынның үздік футболшысы» жүлдесін алды. Осы үш голының арқасында ол Чемпиондар лигасының тарихи рекордтарының біріне теңесті.

Биылғы маусымда Мбаппе барлық жарыстарда «Реал» сапында 13 гол соғып үлгерді. Ол «корольдік клубтың» көшбасшысы әрі басты жұлдызы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или