Сатпаев «Реалға» қарсы матчтағы басты қиындықты атады

Сатпаев «Реалға» қарсы матчтағы басты қиындықты атады

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда «Реалдан» (0:5) алған ауыр жеңілістен кейін әсерімен бөлісті.

«Бұл ойында тек физикалық дайындық емес, ең алдымен халықаралық тәжірибенің жетіспеушілігі әсер етті деп ойлаймын. Біз мұндай деңгейдегі қарсыластармен өте сирек кездесеміз, сондықтан әзірге тең дәрежеде бәсекелесу қиын. Уақыт өте келе, тәжірибе артқан сайын бәрі орнына келеді деп сенемін», — деді Сатпаев Qazsport арнасына берген сұхбатында.

Бұл «Қайраттың» топтық кезеңдегі қатарынан екінші жеңілісі болды. Бұған дейін Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команда сырт алаңда «Спортингке» 1:4 есебімен жол берген еді. «Реалға» қарсы ойында Сатпаев негізгі құрамда алаңға шығып, 80-минутта ауыстырылды.

Енді алматылықтардың назары келесі ойынға ауған. 21 қазанда «Қайрат» өз алаңында Кипрдің «Пафосын» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или